A+ A A-

talgatzhan 37 9-10-2024, 15:10 0

«Шығыс салбұрыны» кезінде Бозанбайға автобус қатынайды

Ұлан / Бүгін

Халықаралық фестиваль кезінде Өскеменнен межелі жерге қоғамдық көлік қатынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімдігі ақпаратынша, 12 қазан күнгі маршрут «Өскемен-Бозанбай-Бәйге төбе» бағытын қамтиды. 
- Өскемен қаласының «ADAL» автовокзалынан сағат 9:00-де және сағат 10:00-де жөнелтіліп, кері «Шығыс салбұрыны» фестивалін өткізу орнынан сағат 15:00-де және 16:00-де жөнелтіледі. Маршруттың жүру жолы бойынша «Эмилия», «Өзен вокзалы», «Фреш маркет», «Сәтбаев», «Сол жағалау полиция бөлімі (жатақхана)», «20 шағын аудан» аялдамаларында аралық аялдамалар ұйымдастырылады, - делінген ақпаратта.
Бір жаққа жол жүру 200 теңге.
Барлық сұрақтар бойынша «ADAL» автовокзалының анықтама қызметіне келесі телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз 8-777-189-00-03.
Маршрут сызбасы қоса берілетін көрінеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив