A+ A A-

talgatzhan 28 12-10-2024, 23:00 0

«Шығыс Салбұрыны» фестивалінде кімдер топ жарды?

Ұлан / Бүгін

Бозанбай ауылы маңында бірнеше күнге созылған халықаралық фестивальді мыңдаған адам келіп тамашалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Құсбегілік» федерациясының Президенті Берік Уәли шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап, Көшпенділер ойынынан кейінгі кезекті ауқымды дода екенін айтты.
«Бүркіт төбе» алаңындағы сайысты көруге облыс әкімі Ермек Көшербаев та арнайы келіп, әр аудан әкімдігі тіккен киіз үйлерді аралады. 
2 күнге созылған турнирде 30 шақты киіз үй тігіліп, 5000-нан астам көрермен келді, 90-нан астам құсбегі қатысты. 
«Шығыс Салбұрыны-2024» халықаралық турнирінің жеңімпаздары:
Бүркіт құсы бойынша:
1 орын – Ерғазыұлы Сәлімхан (Жетісу облысы)
2 орын – Күнтуган Серікбек (Астана қаласы)
3 орын – Кенжетаев Ерлан (Ақмола облысы)
3 орын – Бердымурат Олжас (Алматы облысы)

Қаршыға құсы бойынша:
1 орын – Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
2 орын – Бәйетбай Ермухан (Алматы облысы)
3 орын – Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
3 орын – Жанбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)

Ителгі құсы бойынша:
1 орын – Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
2 орын – Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
3 орын – Төлегенұлы Темірлі
3 орын – Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)

Берік Уәлидің сөзінше, бұл жарыс алды уақытта да жалғасын таба бермек.
– Тағы бір керемет жаңалық, қазақтың құсбегілік өнерін әлемге танытып жүрген Айшолпан Нұрғайып қарындасымызға шығыс қазақстандықтардың атынан, Өңір басшысы Ермек Көшербаев Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады. Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің  Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР  Туризм және спорт министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив