A+ A A-

talgatzhan 50 21-10-2024, 09:20 0

Ұландық Манарбек Буденов Әлем чемпионатында төрелік етеді

Ұлан / Спорт / Бүгін

Қазақстандық бірқатар төреші олимпиадалық емес салмақ түрлерінен Албанияда өтетін әлемдік бәсекеде төреші болмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Qaz_team_official дерегінше, жарыс Тирана қаласында өтеді. Қазақстан атынан төрт төреші қызмет етеді.

1) Берік Шалабаев – еркін күрестен 23 жасқа дейінгі палуандар арасында төрелік етеді. Ақтөбе облысының тумасы, 1S санатындағы халықаралық дәрежедегі төреші.

2) Ерік Жұмабеков – 1S санатты халықаралық төреші, Олимпиадада қазылық еткен. Қазіргі Абай облысының тумасы.

3) Игорь Лигай – 1S санатты халықаралық төреші, Токио және Париж Олимпиадаларының төрешісі, Түркістан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген.

4) Манарбек Буденов (ШҚО) – 1S санатты төреші, Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар арасында қазылық етеді.

Фотосуретте Манарбек Буденов оң жақтан екінші тұр

 (дереккөз Qaz_team_official)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив