Бұл туралы аудан әкімі Арман Бекбосынов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлан ауданында жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, биыл 8 айдың ішінде 23,6 мың гектар жердің 2,5 мың гектары (10,6%) мемлекет меншігіне қайтарылған.
- Өткен жылы Ұлан ауданына қарасты 20 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ауыл тұрғындары жайылым жерін ұлғайту мақсатында елдімекендер шекараларын кеңейтіп жатыр. Осы жылы Алмасай, Баяш Өтепов, Каменка, Тройницкое ауылдарының шекарасын белгілеуге облыстық бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінді, – деді әкім.
Пікірлер