Алтай қаласының көшелерін тыр жалаңаш кезген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қаладағы мәдениет және спорт үйінің маңында жүгірген тұрғын тұтқындалып, сот үкімі шықты.
- Ер адам жұрт үрейін ұшырып, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасады, - деп қорытындылады Алтай ауданының сотында.
Сот шешімі бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.
Пікірлер