A+ A A-

talgatzhan 41 17-10-2024, 14:00 0

Күршім ауданында ветеринарлық қызмет көрсету кезінде жемқорлық тәуекелдері көп тіркелген

Өзекті мәселе / Бүгін / Күршім

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтің айтуынша, бұзушылықтар «Бизнеске жол» жобасы аясында тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы жобаның іске асырылуын қадағалау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері биыл мониторинг жүргізген. Нәтижесінде Күршім ауданында ветеринарлық қызмет көрсету барысында 120 бұзушылық тіркелгені анықталды. Бұл жерде кәсіпкерлердің қора-қопсысы мен көлік құралдарына дезинфекция жүргізу бойынша мәжбүрлі ақылы қызмет түрлері көрсетілген. Жауапты тұлғалар мәліметінше, мұндай шаралар тек эпизоотиялық ошақ аумақтарында атқарылуы тиіс.
– Дәл осы ауданда мал дәрігерлері №1 үлгідегі анықтама қағазын беру кезінде ауадан ақша жасап қалуға тырысқан. Яғни, кәсіпкерлерге жануарлар таситын көліктерге дезинфекция жүргізу бойынша қосымша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге қолқа салды. Одан бөлек, бірқатар кәсіпкерге көліктеріне дезинфекция жүргізу бойынша ақылы қызмет көрсетудің 155 фактісі тіркелді. Ал ол көліктер мүлде жоқ болуы мүмкін. Реестрде көрініп тұр, бірақ дезинфекция жүргізілгенін растайтын түбіртек жоқ. Кәсіпкерлер болса, ақшасын төлеп қойған, – деді Денис Шакенов.
Бұндай жымысқы әрекеттер ет бағасының едәуір қымбаттауына әкеледі. 
– Қазір заңсыз іске тосқауыл қойылып, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осы сияқты қадамдар одан әрі көбеймес үшін тиісті хат та әзірленді, – деді жауапты тұлға.

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив