АҚШ кәсіпкері Илон Маск тізгіндеген «Tesla» компаниясы әлемдік автоөндіріс саласына тағы да ерекше өнім ұсынды. Бұл жолы компания рулі мен педалі жоқ робот-такси шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрылымы жағынан көпшіліктің таңданысын тудырған робот-такси адамдарды тасымалдауға арналған. Компания жаңа туындысын тамыз айында көпшілікке көрсетуді жоспарлағанмен, дизайынына біршама өзгеріс енгізу мақсатында таныстырылым уақытын кейінге шегерген.
«Tesla» тұсаукесер «Warner Bros» студиясында өтетінін атап өтті. «Robo-taxi-дің» жеткізу құны әзірге белгісіз.
Пікірлер