Цифрлық даму министрі «Отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі 111 байланыс орталығын анықтау туралы» бұйрықты бекітті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енетін бұйрыққа сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы байланыс орталығы болып белгіленген.
«111 байланыс орталығы ақпараттық технологиялар саласындағы уәкілетті орган белгілейтін заңды тұлға болып саналады», делінген құжатқа берілген түсініктемеде.
Бұйрық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын іске асыру аясында қабылданды.
Бұл заңмен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, оның ішінде «111» байланыс орталығы ұғымы енгізіледі.
Пікірлер