A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:05 0

ШҚО-да ата-анасының қарауынсыз жүрген 350-ге тарта жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілген

Бүгін / ШҚО

Облыста «Абайлаңыздар, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. 15 тамызда басталған акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Ресми ақпаратқа сенсек, 19 күн ішінде полиция қызметкерлері мыңнан астам рейд жүргізді. Балалардың үйде, көшеде және адам көп жиналатын орындардағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ олардың терезеден құлап кетуіне байланысты профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында полицейлер 588 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Қадағалаусыз жүрген 340 кәмелетке толмаған бала полиция бөлімдеріне жеткізілді. Бұдан бөлек, қиын жағдайға тап болған 850 отбасы тексерілді.
Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі сол, балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полицейлер білім беру ұйымдары маңындағы аумақтар мен жол инфрақұрылымы жағдайын тексерді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 194 нұсқама берілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив