A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:10 0

Өскеменде екі коммуналдық мүлік нысанын жекешелендіру мақұлданды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қалалық мәслихатында «Самғау» мәдени қызметті дамыту және бұқаралық спорт орталығы» КМҚК теңгеріміндегі қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Әңгіме екі жылжымайтын мүлік нысаны туралы. Олар:
 - Бажов көшесі, 331/3 мекенжайындағы («Самал» ауданы) тұрғын үй бірінші қабаты;
 - Қабанбай батыр көшесі, 112а (Новаторлар көшесімен қиылысы) мекенжайында орналасқан тұрғын үй жертөлесі (подвал).

Мәселені талқылау барысында бұл орындардың ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаны және мемлекеттік қажеттіліктерге сұранысқа ие еместігі айтылды. Осыған байланысты депутаттар аталған нысандарды жекешелендіру процедурасын өткізуге келісім берді. Ғимараттарды қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен конкурс негізінде сату жоспарланып отыр.
Осылайша, конкурстық процедуралардың қорытындысында қаланың екі бос тұрған коммуналдық нысаны жекеменшікке өтуі мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив