Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақ қоңыр аюды тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Қоңыр аю — өңірдегі ең ірі жыртқыштардың бірі. Ол орманды алқаптарды мекендеп, қорек іздеп үлкен аумақты аралай алады. Рационы да әртүрлі: өсімдіктер, жидектер мен тамырлардан бастап жәндіктер мен жануар тектес қорекке дейін пайдаланады.
Аю адамды әдетте айналып өтуге тырысады. Сондықтан оның табиғи ортадағы тіршілігін көбіне осындай фототұзақ кадрлары арқылы көруге болады.
Пікірлер