A+ A A-

talgatzhan 4 2-10-2024, 10:00 0

Биыл 1 676 адам коронавируспен ауырды – Бас санитар дәрігер

Республика

Биыл елімізде 1 676 адам коронавируспен ауырды. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Орталық референдум комиссиясы отырысындағы дерегінше, коронавирусқа шалдыққандардың арасында өлім-жітім тіркелген жоқ. Сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда науқастану деңгейі 7 есеге төмендеді. Ал қыркүйек айында еліміз бойынша 252 жағдай тіркелді. Бұл 2023 жылдың қыркүйегіндегі мәліметтен 2 есе аз.

«ЖРВИ мен тұмауға келер болса, жыл сайын елімізде, эпидемологиялық маусым кезінде 3-4 млн жіті респираторлық вирустық инфекция және 2 мыңға дейін тұмау тіркеледі. Осы жылдың қыркүйегінде елде 544 мың ЖРВИ тіркелді. Бұл өткен жылыдң қыркүйегімен салыстырғанда 27 пайызға төмен. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ», - деді ол.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, тұмауға қарсы вакцина сатып алынды және халықтың екпе алынуы тиісті санатына екпе жасалып жатыр. Сондай-ақ ол Орталық референдум комиссиясына референдум өткізу кезінде дауыс берушілердің легін реттеуге кеңес берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив