Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленетін «Банктер туралы» жаңа заңның негізгі новеллаларын атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық белсенділікті ынталандыру және қаржы-технологиялық сектордың серпінді дамуы жөніндегі заманауи талаптарға сәйкес келетін «Банктер туралы» жаңа заңды әзірлеу қажеттілігі туралы атап өтті. Тапсырманы іске асыру үшін агенттік жаңа заң әзірлеу және банк секторын реттеудің жаңа тәсілдерін айқындау бойынша жұмыс жүргізуде. Жаңа заңды әзірлеу Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен, банк секторымен бірлесіп жүзеге асырылатын болады», - деп атап өтті агенттіктен редакцияның ресми сауалына берген жауабында.
«Банктер туралы» жаңа заң экономикалық белсенділікті ынталандырудың және қаржы-технологиялық сектордың одан әрі серпінді дамуының өзекті міндеттерін шешуге бағытталады.
Агенттік мәліметінше, жаңа заңда мынадай негізгі новеллалар болады:
- еншілес шетелдік банктер мен бейрезидент-банктердің филиалдарын ашуды ырықтандыру;
- екінші деңгейдегі банктерді пропорционалды реттеуді енгізу;
- әмбебап банктерде «ислам терезелерін» ашуға мүмкіндік беру;
- төлемге қабілетсіз банктерді реттеу тетігін жетілдіру;
- банктердің халықпен және бизнеспен жұмысының іс-қимыл стандарттарын енгізу;
- қаржы-технологиялық компанияда банктерді трансформациялау үшін жағдай жасау.
Пікірлер