A+ A A-

talgatzhan 39 7-10-2024, 12:00 0

Ресейде қазақстандықтардың 79%-ы референдумда дауыс берді

Республика

Ресейде дауыс беруге арналған бес учаскенің бәрі жабылды. Көрші елде жүрген қазақстандықтар Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Қазан және Астрахань қалаларында өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды, buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың арасында студенттер, халықаралық ұйымдардың өкілі саналатын ел азаматтары бар. Дауыс берушілер арасында ең жоғары белсенділік Мәскеуде болды. 79,77 пайыз. Номері 397-учаскеде 718 адам өз таңдауын жасады. Қазан мен Астраханьда тізімдегі азаматтардың барлығы келді. Омбыдағы көрсеткіш – 70 пайыз, ал Санкт-Петербургте 65,6 процент.

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі ғимаратында орналасқан нөмірі 397-учаскесі өз жұмысын аяқтады. Күн қорытындысы бойынша азаматтардың белсенділігі өте жоғары болды деуге болады. Тіркеуде болған 900 азаматтың шамамен 79 пайызы өз таңдауын жасады,- дейді референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Александр Синяговский.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив