A+ A A-

talgatzhan 50 Бүгін, 12:00 0

Елімізде егіздер мен үшемдер көбіне қай өңірде дүниеге келеді

Бүгін / Республика

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем тіркелді. Бұл кезеңде төртемдер тіркелмеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады - 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175).

Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде 3 үшемнен тіркелген, тиісінше 9 нәресте дүниеге келген.

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті.

Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив