A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 16:15 0

Катонқарағай ұлттық паркінде қасқыр мен қоңырау аю фототұзаққа түсті

Бүгін / Катонқарағай

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарларды фототұзақтар арқылы бақылау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұндағы мамандар аң-құстың аяқ алысын бақылау үшін фототұзақтар пайдаланып, жануарлар әлемі туралы өздеріне қажет мәліметтер жинауда. Парк әкімшілігіндегілер арнайы камералардың былтыр желтоқсан айында ерекше қорғалатын аумақтарға орнатылғанын жеткізді. Содан бері құрылғылар бір аптаға жуық уақыт бұрын, яғни 11 маусым күні тексерілді. Фототұзақтарға зер салған мамандар қоңыр аюды, құнуды (россомаха) және таутекелерді байқаған. Ал ақпан айында қасқырлар бейнежазбаға іліккен болатын.
Катонқарағай ұлттық паркі жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің басшысы Ерлан Қасымовтың айтуынша, фототұзақтар жануарлардың жағдайын бақылап, олардың қайда мекендеп жүргені туралы нақты мәлімет алуға мүмкіндік береді.
– Жиналған ақпарат жануарлардың мінез-құлқын зерттеу, олардың саны мен жағдайын бағалау, сондай-ақ табиғатты қорғау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Фототұзақтар арқылы жүргізіліп жатқан бақылау ұлттық парктің бай табиғатын сақтап, жануарлар дүниесін қорғауға зор үлес қосуда, – деді мамандар.

Аңсар Жұмағалиева
Фотосурет: katonkaragay_nationalpark

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив