Қазақ елінің мақтанышы әрі алтын дауыс иесі «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің арнайы қонағы ретінде шақырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
10-12 шілде аралығында Катонқарағай ауданында халықаралық фестиваль өтеді. Негізгі іс-шаралар Катонқарағай және Берел ауылдарында ұйымдастырылады. Үш күндік бағдарламада айтыс, поэзия қойылымдары, ұлттық спорт жарыстары, аламан бәйге, халық қолөнерінің көрмелері және этномәдени іс-шаралар болады.
Фестиваль танымал өнерпаздардың қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.
Пікірлер