A+ A A-

admin 57 25-09-2024, 10:20 0

Тасбастау (Өлең)

Руханият / Тарбағатай

Фарида Сарышева Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті ауылында дүниеге келген. Тасбастау негізгі мектебін бітірген соң М.Әуезов атындағы педагогикалық училищесін, С.Киров атындағы Ұлттық Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік дипломмен бітірген.

Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі Ы.Алтынсарин төсбелгісі мен Білім Министрлігінің Құрмет грамотасын алған. «Ұлт ұстазы» төсбелгісінің және «Еңбек ардагері», «Қазақстанның құрметті азаматы», Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалдарының иегері.

2022 жылы «Өмір кітабымның тараулары» атты көркем публицистикалық кітабы жарыққа шығып, тұсаукесері Өскемен қаласындағы А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен. Биыл «Сырғамды қайық қылып» атты жыр жинағы жарыққа шықты. Қазірг таңда Ақтөбе қаласында тұрады.

Тасбастау

Тасбастау – құтты мекен суың балдай,

Құдыққа жиналушы еді бір жан қалмай.

Бастаудың төңірегі – көк шалғында,

Жайылған болушы еді қозың нардай.

Ұмытпас өткен-кеткен сол құдықты,

Шөлдеген шөлін басып жол қылыпты.

Иінағаш – қос шелекпен су тасыған,

Қыздары болушы еді тым қылықты.

Соны көріп бозбала қызығатын,

Шығармайтын ауылдан бұзық атын.

Алдыңнан шыға келіп, қолын созып,

Жеткізіп берейін деп сызылатын.

Кейбірі ынжықтау ма, бата алмайды,

Шөл қысып аяқасты қаталайдыү

Водовозбен малды ауылға су әкеткен,

Ұлын күтіп анашым жата алмайды...

Сапар

Бастауымнан нәр алып нық тұрыппын,

Қайда жүрсем Шілікті жыр қылыппын.

Береке бірлік достық түп қазығы,

Қасиеті неде екен сол құдықтың?

Сапарларда көп адаммен таныстым,

Бір себебі болады екен әр істің.

Қилы-қилы тағдырларды көресің,

Мәнін ұғып жақын менен алыстың.

Жол ұзыны жүре-жүре таусылар,

Жүре берсең өзен шығар,тау шығар.

Кездейсоқ сол кезіккендер тар жолда,

Мен секілді бақ іздеген жан шығар.

Тығырыққа тіреп келген үнемі

Ауыр ойдан арылудың бір емі -

Ішіңдегі түйдек-түйдек құпияны,

Бейтанысқа жайып салғың келеді.

Мейлі өмір сабырымды сынасын,

Оны тыңдап, ақылды боп тұрасың.

Тағдырына жаның ашып біреудің,

Өз күніңе шүкіршілік қыласың,

Бергеніңе шүкір, шүкір…

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив