A+ A A-

talgatzhan 49 8-11-2024, 16:00 0

Өскеменде ата-әжелер арасында “Қазақша Quiz” интеллектуалды ойыны өтті

ШҚО / Тарбағатай

Облыс орталығында Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтіп жатыр,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Қаладағы ШҚО филармониясы залында Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтуде. Шараның бастамасы ретінде аталған ғимараттағы “Food cord” залында өңірдегі ақ жаулықты әжелер мен ақ баталы ақсақалдарға арналып, “Қазақша Quiz” интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Мұндағы негізгі мақсат - ауданды кеңінен насихаттау және ата-әжелердің ойын сергітіп, бос уақыттарын тиімді өткізу.


Тарбағатай ауданының ішікі саясат бөлімінің басшысы Ермек Құрманғалиевтің сөзінше, бұл ойын мәдени күндердің бастамасы.

- Бүгін “Ертіс концертте” үш шара өтеді. “Қазақша Quiz” ойынын  егде жастағылар арасында ұйымдастырып отырмыз. Осындай ой сергітетін зияткерлік ойын ауданымызда жиі өткізіліп тұрады, қатысушылар саны да ауыз толтырып айтарлықтай. Ойынға 7 команда қатысып отыр. Әр командада сегіз адамнан. Жарыс жеңімпаздарына аудан логотипі қойылған бағалы сыйлықтар табысталады, - деді ол. 

Айта кетейік, Тарбағатай ауданының мәдени күндері 2 күнге созылады.

- Осы шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аудан басшылығына алғысым зор. Шығыс өңірінде мұндай дүниелердің жиі өтуі қуантады, алдағы уақытта да жалғасын таба берсе деген ниеттемін, - деді ойынға қатысқан белгілі айтыскер ақын Абаш Кәкенов.

Енді кешке аймақ тұрғындарына концерттік бағдарлама мен көрме ұсынылмақ.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив