A+ A A-

talgatzhan 80 8-11-2024, 14:00 0

Тарбағатай ауданына қарасты Қабанбай ауылына асфальт төселмек

ШҚО / Тарбағатай

Осындай ақпаратпен Қабанбай ауылының әкімі бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі


Өңірде ШҚО аудан және ауыл әкімдерінің форумы өтті. Шараға облысқа қарасты барлық аудан әкімдері мен ауыл басшылары қатысты. Жиында 2023-2027 жылдарға арналған “Халықпен бірге” сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды. Тарбағатай ауданына қарасты Қабанбай ауылдақ округінің әкімі Сәкен Малғаждаровтың сөзінше, алдағы жылы Қабанбай ауылының бір көшесіне асфальт төселеді.

- Жоспарланған жұмысты келесі жылы аяқтаймыз. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша да біршама жұмыстар атқарылды. Ауыл кәсіпкерлері де қол ұшын созуда. Туған жеріміз көркейіп жатыр. Қолы ашық азаматтардың көмегімен ауылға саябақ пен қатымхана салынды, - деді ол.

Айта кетейік, Қабанбай ауылдық округіне 5 ауыл қарасты. Онда барлығы 2131 адам тұрады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив