A+ A A-

talgatzhan 36 17-09-2024, 14:00 0

ШҚО дзюдошыларының әлемдік рейтингідегі жағдайы қалай?

ШҚО / Спорт

Қызығы сол, халықаралық дзюдо федерациясы өкілдері Париж Олимпиадасы өтсе де, ескі ақпараттан әлі арылмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Бұл спортты сөз еткенде, бірден аса ауыр салмақтағы татами шеберлерін сөз етуге болады. Айталық, +100 келі салмақта жерлестеріміз Әділ Оразбаев пен Ерасыл Қажыбаев әлі де болса бапкерлер сенімінен айырылмады. Тек ірі додаларда жүлде алу қиындап кетті. Соған сәйкес рейтингіде жағдайлары жақсара қойған жоқ.

Мәлім болғандай, Қажыбаев қазір жинаған 1890 ұпаймен 35-ші, Әділ Оразбаев 833 ұпаймен 55-ші орынға жайғасқан. Көш басында оңтүстіккореялық Ким Минджон (6405 ұпай) тұр. Дегенмен бұл нәтижелер міндетті түрде өзгеруі тиіс. Себебі, Париж төріндегі алыптар бәсекесінде жарыс қожайыны Тедди Риннердің айдарынан жел есіп, алтын медальды мойынған таққан еді. Финалда сол Ким Минджоннан басым түсті.

Фотосурет baigenews.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив