A+ A A-

talgatzhan 64 Бүгін, 14:00 0

Қазақстанда қоғамдық орындардағы граффитиге толық тыйым салынуы мүмкін

Бүгін / Республика

Қазақстанда қоғамдық орындарға зиян келтіретін граффитиге толық тыйым салу ұсынылды. Ішкі істер министрлігі заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді көздеп отыр, ал талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмақ. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Вандализм мен қоғамдық кеңістіктердің бүлінуіне жол бермеу шаралары бөлек қарастырылды. ІІМ вандализм фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Мәдени мұра ескерткіштері мен табиғи нысандарды бүлдіргені үшін 11 қылмыстық іс тергелді. Еріктілермен бірлесіп есірткі граффитиі деп аталатын 80 мың сурет пен жазу өшірілді.

Есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін 81 қылмыстық іс қозғалды, 19 адам сотталды. «Есірткіге жол жоқ» цифрлық сервисі аясында азаматтар полицияға 150 құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлады. Сондай-ақ нысандарға жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүргізіледі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Атап айтқанда, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға жазулар мен суреттер салуға тыйым енгізіп, бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастыру ұсынылды.

Премьер-министр қалалардағы вандализм мен бұзақылықтың сорақы көріністерінің жолын кесу жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Тиісті тапсырмалар берілді.

—  Ішкі істер министрлігі вандализм мен бұзақылықты болдырмау үшін қоғамдық орындарға зиян келтіретін „граффитидің“ барлық түрлеріне толық тыйым салу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауы қажет, — деп тапсырды Премьер-министр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив