A+ A A-

talgatzhan 22 18-09-2024, 18:10 0

ШҚО-дағы аудан орталықтары орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмақ

ШҚО

Өңірде алдағы жылыту маусымына қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айталық, Күршім ауданында әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосылып, жылу желілері жаңартылуда.  Бүгінде 35 жылдан бері істен қосылмаған жылу қазандығы іске қосылды.
- Қазандық дұрыс жұмыс істейді және жоғары қысым мен температураға төтеп бере алады. Олар жұмыс аяқталғаннан кейін бір апта бойы тексерілді. Барлығы ауданда 18 көпқабатты үй бар, қазіргі уақытта 4 үй мен 1 мектеп жылумен қамтылған. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда, біз үйлер мен әлеуметтік нысандарды тез арада жылумен қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев.
Айта кетейік, алдағы уақытта Күршім ауданында 18 көпқабатты үйлердің барлығын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарлануда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив