Өңір басшысы Ермек Көшербаев облыс әкімдігінде өтіп жатқан жиында жергілікті өнімді көптеп өндіру маңызына тағы бір тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, қазір Үйдене және Қандысу бөгеттерінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
- Қаржы бөлінген жағдайда 1-2 жылда жөндеу басталады. Аудандарда жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Бірақ белгілі бір аудан әлеуетін арттыру тыңғылықты жоспарлауға келіп тіреледі. Зайсан мен Тарбағатай шекараға жақын орналасқан. Демек, сауда жағынан үлкен басымдыққа ие. Жалпы, әр өңір, аудан, ауыл өзінің орналасқан жерін тиімді пайдалануға бейімделуі тиіс, - деді Ермек Беделбайұлы.
Пікірлер