A+ A A-

talgatzhan 18 1-09-2024, 21:00 0

ШҚО әкімі: полиция аймақ шахталарында болған апаттар бойынша тергеуді бастады

ШҚО

Бүгін өңір басшысы қаза болған кеншілердің отбасыларына барып көңіл айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл кезеңде барлық қажетті қолдауды KAZ minerals компаниялар тобының басшылығы, мердігерлер, облыс және аудан әкімдіктері көрсетеді. 

– Бұл қайғылы жағдай. Біз асыраушысынан айырылған отбасыларға балаларды оқыту және басқа да өмірлік жағдайларға қатысты толық көмек көрсетеміз. Осы оқиғаның егжей-тегжейіне жету үшін біз компания басшылығын күтеміз, - деді Ермек Кошербаев.

Сонымен қатар облыс әкімі оқиға орнында облыстық Полиция департаментінің басшылығымен барлық қажетті тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив