A+ A A-

talgatzhan 31 27-02-2025, 15:00 0

Рамазан - рақым айы: Биыл ораза айы наурыздың бірі басталады

ШҚО / Пайдалы / Бүгін

Он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, нәпсі тиылып, қылған ниетіңіз бен жасаған дұғаңыз, берген садақаңыз үшін жазылатын сауаптар еселенетін қасиетті ай. Көктемнің ең бірінші күнінен бастап елдегі мұсылман қауымы ораза ұстап, ауыз бекітеді. Ауыз бекіту - ішіп жеуден ғана тиылу емес, көңіл айдынын кір ойлардан һәм лас әдеттен таза ұстау, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айына қатысты маңызды деректер жариялады.

Кестеге сәйкес биыл ораза 29 күнге созылады. Яғни Рамазан айы 1-29 наурыз аралығында болады.

Рамазан айында болатын, мұсылман қауымы үшін мың айдан да қайырлы түн - Қадір түні. 2025 жылы қасиетті тәулік 26-27 наурызға қараған түні атап өтіледі.

Еліміз бойынша пітір садақа мөлшері екі келі ұнның ортақ бағасы мөлшерінде есептеледі. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады. Биыл садақа бағасы жан басына шаққанда 655 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны және садақаны Kaspi.kz, HALYK Homebank, Forte Bank, Astana-Plat, Bereke Bank, Банк Центркредит мобильді қосымшалары және Қазпошта арқылы аударуға болады. Рамазан айында, ең алдымен, тамақ пен судан тыйылу керек. Мұсылмандарға күндізгі уақытта тыйым салынатын, орындалмаған жағдайда ораза қабыл болмайтын тағы да бірқатар дүние бар. Бұлар: темекі тарту, оның ішінде кальян немесе шылым шегу, аузыңызға түкірікті жинап, жұту, саусақ тығып, құсуды әдейі қолдан жасау, инъекциялар (соның ішінде вакцинация), мұрын және құлаққа дәрі тамызу, дәрі-дәрмек қабылдау, жүзу (ауызға су кіруі мүмкін), сүйісу, тіс тазалау кезінде суды жұту, қан тапсыру, жыныстық қарым-қатынас (сәресінен ауызашар уақытқа дейінгі аралықта), эндоскопиялық зерттеу, клизма,әйелдерде болатын етеккір кезі.

Шариғат бойынша мына жағдайларда ораза ұстамауға рұқсат етіледі: науқас жандарға, жолаушыларға, жүктілік және бала емізу кезінде, шөл мен аштық, кәрілік (ораза ұстауға шамасы келмейтін қарияларға ораза ұстамауға және оны өтемеуге рұқсат етілді, бірақ ұстамаған оразаның әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандыруға (підия беруге бұйырылған), етеккірі келген және босанғаннан кейінгі қаны келген әйелдер ораза ұстамайды, балиғат жасына толмаған бала және ақылы жоқ адам ораза ұстауға міндетті емес, біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері (ұшқыш, дәрігер т.б.) мен ауыр жұмыс иелері (кенші, металлург, қауіпті нысанда істейтін құрылысшы т.б.) ораза ұстауға шамасы жетпесе, оны кейінге қалдыра алады.

Оразаға ниет: Таңертеннен кешке дейін Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашардағы дұға: Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күнінде де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешіре гөр!

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив