A+ A A-

talgatzhan 39 28-09-2024, 10:30 0

ШҚО-да атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді 

ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев атом саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
28 қыркүйек – Қазақстанда атом саласы қызметкерлерінің күні. Бұл мереке 2008 жылдан бері атап өтіліп келеді. Осыған орай бүгін Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында өткен салтанатты шарада Шығыс Қазақстан облысының басшылығы атом саласында жұмыс істеп жүрген мамандарды құттықтады. 
«Біздің өңірде атом саласында білікті де білімді, талай жылдық тәжірибесі бар мамандар аз емес. Сіздер еңбек етіп жүрген бұл сала еліміз үшін стратегиялық тұрғыда аса маңызды. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!», - деді облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев. 
Зауытта жұмыс істеп жүргеніне 41 жыл болған Оразәлі Житенов биылғы ақпан айында зейнеткерлікке шыққан. Бірақ сонда да жұмыс істеуін жалғастырып, жастарға білгенін үйретіп, жол нұсқап жүр. 
«Қазақстанда атом саласының болашағы зор деп ойлаймын. 6 қазанда Атом электр стансасын салуға қатысты референдум өтеді. Егер станса салынса онда Үлбі металлургия зауыты оған қажетті отын таблеткаларын шығарып береді. Қазір зауыттың отын таблеткалары Қытайға экспортталып жатыр», - деді ол. 
Шара соңында Ербол Нұрғалиев  атом саласы қызметкерлеріне облыс әкімі Ермек Көшербаевтың атынан Алғыс хаттарды табыс етті. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив