Жеңіл атлетикадан Ұлттық құрама мүшесі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өткен жартылай марафонның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Спортшы белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта бағындырып, мәреге бірінші болып келді.
Оның ізін ала, Угандадан келген Аннет Челангат екінші орын алды. Көрсеткен нәтижесі нәтижесі - 01:09:58.
Бұдан бөлек, эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге иеленді (01:10:18).
Фотосурет Inform.kz сайтынан
Пікірлер