Аталған аллея Шемонаиха ауданына қарасты Усть-Таловка кентінде орналасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараға ардагерлер, төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы және ауыл тұрғындары қатысты. Құтқарушылар монументінің ашылу салтанатына ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов пен аудан әкімі Григорий Акулов қатысты.
– Монумент – бұл адамдардың өмірін құтқару үшін күн сайын өліммен бетпе -бет келуден қорықпаған батырларға арналған алғыс символы ретінде орнатылды. Мұның өскелең ұрпақтың біздің салаға деген қызығушылығын оятатындығына сеніміміз мол, - деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
Айта кетейік, аталған монументті орнату идеясы № 28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дидар Әшімханға тиесілі.
Пікірлер