A+ A A-

talgatzhan 7 5-09-2024, 16:31 0

ШҚО-да нөсер жауын жаумақ

ШҚО

Синоптикрет дауылды ескерту жариялады. «Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша,  6-қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.


- Найзағай соққанда үйде болған жөн, терезені, есіктерді жабыңыз,электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз. Металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз. Желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз, - деп ескертеді «Қазгидромет» ШҚ филиалының баспасөз қызметі.


Төтенше жағдай кезінде "112" телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив