Өткен демалыста Серікбаев көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы үйден 10 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар, 1975 жылы туған ер адам пәтерден өрт сөндіру көлігі көмегімен құтқарылды.
Ер адамға Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетіп, жағдайын тексерген соң ауруханаға жеткізді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Пікірлер