Ресми мәліметке сенсек, өңірді мекен еткен жыртқыштар саны соңғы бес жылда 20%-ға көбейген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың айтуынша, мониторинг қорытындысында аю мен қасқыр санының жыл санап артып келе жатқанын байқауға болады. - Соңғы санақта өңірде 2900 аю, 1600-ге тарта қасқыр мекен ететіндігі анықталды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман және аңшылық шаруашылығы жедел қимыл жасағы жыртқыштардың елді-мекендерге шабуыл жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Аймақтардан өтініш түсе қалса жедел жасақ инспекторлары, жергілікті әкімдікпен бірлесе шара қолданады, - деді Мұрат Манарбекұлы. Жыл басынан бері табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына осы мәселе бойынша Күршім, Марқакөл, Алтай аудандарынан өтініш түскен.
Пікірлер