A+ A A-

17 5-09-2024, 17:15 0

Кезекте тұрған 50 өскемендік баспаналы болды

ШҚО

Биыл Өскемен қаласында тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны былтырғыдан қарағанда ілгері тартқан. Қазірдің өзінде бұл көрсеткіш 104%-ды құрады. Жыл соңына дейін 108,7%-ға жеткізу жоспарланған,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілішісі.

- Жыл басталғалы 117,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 50 қала тұрғыны көптен күткен пәтерлерінің кілтіне қол жеткізді. Оның 38-і – көпбалалы отбасы, 10-ы – жетімдер, 2-і-халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы. Жыл соңына дейін қала әкімдігінің алдында кемінде 303,1 мың шаршы метр тұрғын үйді кезекте тұрған халыққа тапсыру міндеті тұр, оның басым бөлігі коммерциялық болады, - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив