A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 14:00 0

Өскеменде алимент төлемеген 10 адам көше сыпыруы мүмкін

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

2025-2026 жылдары Өскемен қалалық полициясы басқармасы аумақтық бөлімшелері алимент төлемеу дерегі бойынша 30-ға жуық қылмыстық іс анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, алимент төлеу міндеттемесін орындамау ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Аталған бап ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға сот тағайындаған алиментті үш айдан астам уақыт бойы төлемегені үшін жауапкершілікті көздейді.

Аталған құқық бұзушылық үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алайда алимент төлемеу бойынша тіркелген істің барлығы бірдей сотқа жолданбайды. Полиция ұсынған статистикаға сүйенсек, 30-ға жуық істің үштен бірі ғана сотқа жіберілген. Яғни, 10 іс сотқа жолданды. Қалғандарының не себепті сотқа жетпегені туралы ақпарат жарияланбады.

Прокурор тергеу материалдарын тексеріп, жиналған дәлелдер жеткілікті болған жағдайда ғана істі сотқа жолдайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив