A+ A A-

18 5-09-2024, 17:59 0

Қазақстанда мейрамханалардағы 10%-дық қызмет ақысы алынып тасталуы мүмкін

ШҚО

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2024 жылғы 5 қыркүйекте Сенат аясында тамақтану орындарында қызмет ақысына төленетін 10%-дық төлемді алып тастауды қарастыратын ережелер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Өзгерістер ішкі сауда ережелеріне енгізіліп жатыр.


"Бүгінде түбіртекте 10% міндетті атрибут ретінде көрсетілген. БІз атрибут ретінде көрсетілген осы шайпұлды алып тастауды көздейтін өзгерістерді дайындап жатырмыз. Яғни көрсетілген қызмет үшін алынатын 10%-ды алып тастаймыз. Егер түбіртекте қызметтің жалпы сомасы көрсетілсе, сіз неге 2 рет төлеуіңіз керек. Шайпұл беру өз еркіңізге байланысты. Десе де, бизнесмендердің барлығы бұл ойымызды құптай қоймас",- деді Арман Шаққалиев.


Бұған дейін әйелінің интимдік суретін таратқан қазақстандық бас бостандығынан айрылғаны хабарланды.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив