A+ A A-

talgatzhan 17 Бүгін, 17:55 0

Самар тұрғындары таза ауызсуға қосылуға жақын

Бүгін / Самар

Самар ауылында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жоба мәресіне жақындады. Қазір нысанда іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жақын арада жаңа сумен жабдықтау жүйесін толық қуатында іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде су құбырын іске қосуға дайындау жұмыстары жүріп жатыр. 
– Жұмыс тіпті түнгі уақытта да тоқтамайды. Мамандар қажетті жұмыстарды тәулік бойы атқарып жатыр. Бұған дейін жобаны аяқтау мерзімі анықталған техникалық мәселелерге байланысты кейінге шегерілген болатын. Мамандар кемшіліктерді жойып, жүйе нысандарын өзара қосуға байланысты қосымша жұмыстар жүргізді, – делінген ақпаратта.
Жүйені толық іске қосу үшін тағы 3 шақырым су құбырын тарту қажет. Жаңа учаске Самар ауылындағы жаңа су алу нысанын таза су резервуарымен жалғайды. Бұл учаскенің құрылысын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жобаны аяқтауға «Eiwaz» ЖШС компаниясы қолдау көрсетеді. Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов пен «Eiwaz» ЖШС директоры Эрнст Нұртазин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында компания жетіспейтін су құбыры желілерінің учаскесін өз қаражаты есебінен ақысыз салып береді.
– Біз әрдайым Самар ауданы тұрғындарына қолдау көрсетуге дайынбыз. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бұл жұмыстарды өз қаражатымыз есебінен орындау туралы шешім қабылдадық, – деді Эрнст Нұртазин.
Жұмыстар толық аяқталған соң су құбыры жүйесі біртұтас жүйеге қосылып, пайдалануға дайын болады. Осылайша, Самар ауылы тұрғындары жақында сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі.
«Eiwaz» ЖШС мен Самар ауданы арасындағы ынтымақтастық бұл жобамен шектелмейді. Компания алдағы уақытта да ауданмен бірлесе жұмыс істеп, аумақты дамытуға және тұрғындарды қолдауға бағытталған жобаларға қатысуды жоспарлап отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив