A+ A A-

admin 35 27-09-2024, 10:52 0

Өскеменде жаңа футбол алаңы ашылды

Спорт / Өскемен

Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА қолдауымен Өскемендегі  «Восток» стадионының қосалқы алаңында жаңадан футбол алаңы ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

  1. Белгілі болғандай, шаһардағы «Восток» стадионының қосалқы алаңында тамыз айының соңында жөндеу жұмыстары басталған болатын. "Alan” жобасы аясында елдің әр түкпірінде осындай футбол алаңдары жаңартылып, салынып жатыр. Кейін тіпті ауылдарға да салынуы мүмкін екен. Бұл жастардың ала допқа деген қызығушылықтарының артуына үлкен септігін тигізетіндігі анық. 
    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұловтың сөзінше, жобаның басты мақсаты - алаң салу емес, республикадағы футболды жоғары деңгейге көтеру.
    - Біздің елде жалпы саны 1 млн 250 мың жас бала футбол ойнайды. Қазір негізгі бағытты осындай үлкен алаңдарды салуға және жаңартуға қойып отырмыз. Алдағы жылдары республикамызға қарасты моно қалаларға жаңа алаңдар салып, тозығы жеткен алаңдарды жаңартуды жоспарға енгіздік. Бұл тек бұқаралық футболды дамытып қана қоймайды, келешек жастарымыздың осы спорт түріне деген қызығушылықтарын оятады. Шетелдегі сияқты біздің де мемлекеттен әлемге танымал футболшылар шығады деп үміттенеміз және талантты жас ойыншыларға қолдан келгенше бар жағдайды жасаймыз, - деді федерация президенті.
    Айта кетейік, енді "Алтай Өскемен" футбол орталығының  қатысушылары осы алаңда өз жаттығуларын өткізе алады. 
    - Бұл алаң 2008-інші жылы салынған. Одан бері ешқандай жөндеу көрмеді. Барлығы білетіндей алаңның бұрынғы жағдайы адам шошитындай болған. Көп дүниелер ескі әрі жарамсыз күйде еді. Қуанышымызға орай былтыр УЕФА-ның қолдауымен және облыстық Спорт басқармасы бірігіп жобаға қол қойды. Көріп тұрғандарыңыздай сол жоспар биыл іске асып, алаңымыз жаңаша түрленді. Бұл өңірдегі инфраструктураның дамуына үлкен ықпалын тигізеді, - деді «Алтай» футбол клубының спорт директоры Нартай Маратбекұлы.
    Алаңның ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов және Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов шақырылды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив