A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 17:00 0

Қазақстанда 100-ден астам стоматологиялық клиника жабылды

Бүгін / Республика

Қазақстанда 104 стоматологиялық клиника жабылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Журналистер республикада стоматологиялық клиникаларға жүргізілген жаппай тексеріс нәтижесі шықты ма деп сұрады.

- Тексерулер жүргізілді. Жалпы алғанда 500-ге жуық тексеру аяқталды. Соның ішінде 104 стоматологиялық клиника өз еріктерімен лицензиясын қайтарды. Тағы 38 клиника бойынша материалдар сотқа жолданды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, лицензияны қайтарып алу екі жолмен жүзеге асады: меншік иесінің өз еркімен немесе сот шешімі арқылы, – деп жауап берді спикер Сенат кулуарында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив