A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 11:00 0

2025 жыл Қазақстан тарихындағы ең жылы жыл болды

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМҚ 2025 жылғы Қазақстан аумағындағы климат ерекшеліктері туралы шолу ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Шолуда климаттың жай-күйі мен өзгеруі, температуралық режим, жауын-шашын, қар жамылғысының жай-күйі, агроклиматтық жағдайлар, Каспий теңізі мен Балқаш көлінің жай-күйі, сондай-ақ экстремалды ауа райы және климаттық құбылыстар туралы деректер бар, - делінген хабарламада.

Шолу деректері бойынша былтыр 1941 жылдан бергі бақылаулар кезеңіндегі Қазақстандағы ең жылы жыл ретінде тіркелді. Ел аумағы бойынша орташа ауа температурасының аномалиясы 1991–2020 жж. климаттық нормасына қатысты +2,11 °С құрады.

Синоптиктердің мәліметінше, шолу «Қазгидромет» РМК мемлекеттік бақылау желісінің деректері негізінде дайындалған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив