A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:35 0

Зайсанда аумақтық қорғаныс оқу-жаттығулары өтті

Бүгін / Зайсан

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданына жұмыс сапары барысында аумақтық қорғаныс оқу-жаттығуларының барысын көріп, әскери міндеттілерге арналған далалық лагерьге барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқу-жаттығу аясында әуежайға шартты шабуыл жасалып, түрлі бөлімшелердің өзара іс-қимылы сыналды. Шараға қатысқан ТЖД қызметкерлері, полицейлер, медицина өкілдері және «Арлан» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері қауіптің бетін қайтару, зардап шеккендерді эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірлескен әрекеттерді пысықтады. Жаттығу барысында инфрақұрылым нысандарын қорғау бойынша тактикалық тапсырмалар орындалды.

Аймақ басшысы оқу-жаттығулардың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы мен жеке құрамның сапалы даярлығы маңызды екенін атап өтті.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген тағылымды сөз бар. Оқу жиындары барысында мінсіз әскери қызмет атқарып, төзімділік пен жоғары жауапкершілік танытқандарыңыз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін! Осының нәтижесінде әскери міндетті азаматтар маңызды тәжірибе жинақтап, жауынгерлік даярлығын шыңдады. Бүгінгі жиын – ел қауіпсіздігі мен Отанға адал қызмет етудің жарқын көрінісі, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Ақпарат және фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив