A+ A A-

talgatzhan 24 Бүгін, 15:40 0

Зайсан ауданында Қазақстан–Әзербайжан достығы кабинеті ашылды

Бүгін / Зайсан

Зайсан қаласында Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен білім беру жобасын іске асыру туралы шешім қабылданды. Осындағы аудандық мектептердің бірінің базасында достық оқу кабинеті ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоба білім мен мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге, гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және дарынды жастарға қолдау көрсетуге бағытталған. 

Оқу кабинетіне заманауи жабдықтар, интерактивті материалдар және жаңа жиһаз әкелінді. Жаңа білім беру кеңістігі базасында жергілікті оқушылар мен студенттер үшін гранттық және білім беру бағдарламаларын өткізу жоспарланып отыр.

Бұл бастама облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел мен Әзербайжанның іскерлік топ өкілдерімен кездесуінен кейін қолдау тапты. Кейін ШҚО әкімдігі мен Buta Group компаниясы арасында жобаны іске асыру жөнінде ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

Достық кабинетінің салтанатты ашылуына мемлекеттік органдардың, білім беру жүйесінің өкілдері және Әзербайжан тарапынан қатысушылар онлайн форматта қатысты.

Жоба Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға маңызды қадам болып, Шығыс Қазақстан облысының заманауи білім беру ортасын дамытуға үлес қосады.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданында белсенді жастармен кездесті. Студенттер, еріктілер, блогерлер мен қоғам белсенділері - барлығы 50-ге жуық жас туған ауданның дамуы, жастар бастамаларын қолдау, білім беру, волонтерлік қозғалыс және өңірдің қоғамдық өміріне жастардың қатысуы жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив