A+ A A-

talgatzhan 5 Бүгін, 11:00 0

Қазақстанда пойызбен багаж тасымалы цифрлық форматқа көшеді

Бүгін / Республика

Студенттер әзірлеген жүйе багаж тасымалын жеңілдетпек. Бұл туралы  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 22 мамырдан бастап багаж және жүк-багажды рәсімдеу мен сүйемелдеу процестерін цифрландыруға арналған пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр. Жоба №9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы бағытында іске асырылады. Сынақ жұмыстары Нұрлы жол, Қарағанды және Алматы-2 станцияларындағы багаж бөлімшелерін қамтиды.
— Жаңа цифрлық жүйе багаж және жүк-багажға қатысты операциялардың ашықтығын арттыруға, есеп жүргізуді жеңілдетуге және тасымалды рәсімдеу кезінде адами факторды барынша азайтуға бағытталған. Жүйе жөнелтімді қабылдаудан бастап, бағыт бойымен сүйемелдеуге дейінгі барлық процесті бірыңғай цифрлық тәртіпке келтіреді, — делінген хабарламада.

Платформа станция операторы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар WMS, яғни қойма процестерін басқару жүйесі негізінде өзіне-өзі қызмет көрсету тәсілдері де қарастырылған. 

Айта кетейік, бұл цифрлық шешімді Astana IT University студенттері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен дуалды оқыту бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық негізінде әзірледі. Жоба барысында студенттер нақты өндірістік міндеттерді шешуге қатысып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұл цифрлық шешімді барлық багаж бөлімшелеріне кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.

Қазақстанда теміржол саласы жаңғыртылып, жаңа вагондар сатып алынып, инфрақұрылым жаңартылып жатқанына қарамастан, жолаушылар тасымалындағы оның үлесі әлі де төмен күйінде қалып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив