A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:00 0

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионға жетті

Бүгін / Республика

Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы балалар саны 6,9 миллионға жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл республика халқының жалпы санының 33,6 пайызын құрайды.

Балалардың 62,3 пайызы қалалық жерлерде, ал 37,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

– Ұл балалардың үлесі 51,4 пайызды, қыз балалардың үлесі 48,6 пайызды құрайды, – делінген хабарламада.

Ел бойынша балалар ең көп тұратын өңір – Түркістан облысы. Мұнда 910,4 мың бала тұрады.

Сондай-ақ балалар саны бойынша Алматы қаласы екінші орында. Мегаполисте 688,9 мың бала тіркелген. Ал Алматы облысында 572,3 мың бала тұрады.

– Бұл көрсеткіштер тиісінше республикадағы барлық балалардың 13,2, 10 және 8,3 пайызын құрайды, – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Соңғы бес жылда еліміздегі балалар саны 4,4 пайызға артқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив