Гір көтеруден мүмкін болатын жүлденің бәрін алған зайсандық спортшы бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Спортшы үш күн бұрын алған куәлігін оқырмандарына көрсетті. Ол гір спортынан «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы берілгені жазылған.
– Өз шегіңді қайта-қайта бұзсаң ғана жаңа есімге лайық боласың! Келесі мақсатқа қарай... – деп жазды спортшы.
Фото спортшының жеке мұрағатынан
Пікірлер