A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:50 0

Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері үндеу жариялады

Бүгін / Республика

Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жол-көлік оқиғалары салдарынан балалардың көз жұмуы мен жарақат алу жағдайларының жиілеп кетуіне алаң білдіріп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жаз мезгілінде балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Олар көшеде, аулада, спорт және ойын алаңдарында болады, велосипед, самокат тебеді, демалыс орындарына барады, саяхаттайды.

Сондықтан дәл осы кезеңде балалардың қауіпсіздігі ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Осыған байланысты Ұлттық комиссия ата-аналарды, жүргізушілерді және барша азаматтарды алдағы жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады.

– Құрметті ата-аналар! Балаларыңызбен жолда, аулада, су айдындары маңында және табиғат аясында өзін қауіпсіз ұстау қағидалары туралы сөйлесіңіздер. Бұл ережелерді үнемі естеріне салып отырыңыздар. Балаларға жолда аса мұқият болу қажеттігін түсіндіріңіздер. Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелімен және қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өту қажет. Ал өткелден өтпес бұрын міндетті түрде велосипедтен немесе самокаттан түсу керек, – делінген ақпаратта.

Комиссия мүшелері велосипед, самокат немесе ролик тепкен кезде балалардың қорғаныш құралдарын пайдалануды қамтамасыз етуге шақырды.

– Үйдегі қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударыңыздар. Терезелерді қорғаныш құрылғыларынсыз ашық қалдырмаңыздар, баланың құлап кетуіне әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеңіздер, сондай-ақ қауіпті заттар мен химиялық заттардың қауіпсіз орындарда сақталуын қамтамасыз етіңіздер. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, олардың қай жерде жүргенін бақылауда ұстағандарыңыз абзал. Әсіресе, кешкі уақытта балалардың ересектердің қарауынсыз сыртта жүруіне жол бермеңіздер, – делінген ақпаратта.

Осы қарапайым ережелер баланың ең қымбат байлығы - өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін көрінеді. Сосын жүргізушілерге де үндеу жасады.

– Құрметті жүргузішлер! Көпшілігіңіз – ата-анасыздар, аға-әпкесіздер. Көлік тізгініне әр отырған сайын осыны есте сақтаңыздар. Жолда, әсіресе тұрғын үйлердің маңында, аулаларда, саябақтар мен балалар алаңдарының жанында аса мұқият болыңыздар. Жылдамдық режимін сақтаңыздар, жаяу жүргіншілер өткелі мен аулаға жақындағанда жылдамдықты төмендетіңіздер. Көлік жүргізу кезінде мобильді құрылғыларды пайдаланудан бас тартыңыздар, – деді комисся мүшелері.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мәліметінше, бала көлікті байқамай қалуы мүмкін. Ал жүргізуші баланы міндетті түрде байқауға тиіс.

– Құрметті қазақстандықтар! Балалардың өмірі мен денсаулығы - отбасының, қоғамның және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі. Ешқандай алдын алу шаралары ересектердің қырағылығы, жеке өнегесі мен балаларға деген жанашырлығын алмастыра алмайды.

Балаларымыздың жазғы демалысы қауіпсіз өтуі үшін баршамыз бірлесіп күш салайық, – делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив