Ұлан ауданындағы ең көрікті жердің бірі саналатын Шыбындыкөлде инфрақұрылымды дамыту жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімдігі мәліметіне сенсек, бүгінде көлге апаратын аймақтық жолға ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Өткен жылы жол бетіндегі жұмыстар аяқталд. Ссоның ішінде жаңа инертті материалды пайдаланып, кері толтыру және тегістеу жұмыстары, ал төрт шақырымдық учаскеде беткі қабатты бөлу және механикалық тығыздау жұмыстары жүргізілді.
Қазір жұмысшылар жол негізін нығайтуды жалғастыруда, яғни төсемді салмас бұрын соңғы тегістеу үшін қажетті материалдарды қосады. Дайындық аяқталып, қажетті қаражат бөлінген соң жол төселеді.
Жол желісін дамыту Шыбындыкөлдің айналасындағы аумақты жақсарту бойынша ауқымды жоспарлардың бөлігі ретінде қарастырылады. Бүгінде бұл аумақта муниципалдық жағажай құру жобасы әзірленуде. Оған тұрақ, демалыс аймақтары, серуендеу жолдары және туристік инфрақұрылым кіреді. Жобаның ең ауқымды элементтерінің бірі аквапарк салынуы мүмкін.
Пікірлер