Өскемендегі ірі өндіріс орындарында болған екі апатқа қатысты алдын ала қорытындыларды Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Востокцветмет» шахтасында – жобалық құжаттаманың бұзылуы мен жұмыстардың жүйесіз ұйымдастырылуы анықталса, «Казцинк» зауытындағы жарылыстың алдын ала себебі – технологиялық процестің бұзылуы болып отыр.
Екі нысанда да бұған дейін қауіпсіздік талаптарының орындалмауы анықталған. Жабдықтар ескірген, қажетті сараптамалардың жоқтығы мен өндірістік бақылаудың әлсіздігі тағы бар.
Тергеу жұмыстары әлі жалғасуда. Қорытындылар шыққан соң, кәсіпорындар жауапқа тартылады.
Пікірлер