A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:30 0

Ұлан ауданына былтыр 15 мыңға тарта турист келген

Бүгін / Ұлан

Ресми ақпаратқа сенсек, ауданда 26 туристік ұйым бар. Олар саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетіп, аудан туризмі дамуына ықпал етуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Рустам Садуақасовтың айтуынша, 2025 жылы туристер саны 4,6%-ға өсіп, 14,4 мың адамға жеткен.

– 2025 жылы «Багратион» шипажайы 80 млн теңгеге 40 төсек-орынға кеңейтілсе, Шыбындыкөлде 250 млн теңгеге «Қаймақ Ресорт» ЖШС демалыс базасының құрылысы кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Жол бойындағы сервисті дамыту және демалушыларға жағдай жасау үшін аудан аумағында 5 санитарлық-гигиеналық торап орнатылған. Олар Семей, Алматы, Самар тасжолдарында, Сібе көлдеріне және Шалқар муниципалды жағажайына баратын жолдарда тұр, – деді Рустам Семейбайұлы.

Сондай-ақ Шалқар көлінде туризмнің қысқы түрі қарқынды дамуда. Ол уақытта жылы павильондар, ыстық тамақ, қысқы спорттық құрал-сайман жалға беріледі.

– Жазда көлде муниципалды жағажай жұмыс істейді. Биыл облыстық бюджеттен 120 млн теңге бөлініп,  жағажай аумағын абаттандыру жұмыстары атқарылуда Сонымен қатар, Дубығалы, Шыбындыкөл, Айыр көлдерінің жағалауында муниципалдық жағажайлар салу жоспарлануда. Ал Бозанбайда ауыл туризмі дамып келеді. Туристер қонақүйлерде ауылдың тыныс-тіршілігін сезініп, жергілікті мәдениетпен, әдет-ғұрыппен танысып, ауыл жұмысын істеп көре алады, – деді орынбасар. 

Айта кету керек, жыл сайын республика өңірлерінен бөлек, Ресей, Қытай, Испания, Венгрия, Моңғолия, Қырғызстаннан 10 мыңнан астам көрермен мен 100-ден астам бүркітші қатысатын «Шығыс Салбурыны» халықаралық фестивалі өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив