A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:45 0

Қасым Қайсенов кентінде 600 орындық мектеп салынады

Бүгін / Ұлан

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингіде аудан әкімінің орынбасары Рустам Садуақасов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, білім ордасын салуға 6,1 млрд теңге бөлінген.  Құрылыс 2026-2027 жылдары жүргізіледі.

– Мектептерді жаңарту бағдарламасы аясында Айыртау мен Мамай батыр ауылдарындағы екі мектепті күрделі жөндеу жоспарланған. Үш мектепке 49 млн теңге бөлініп,  ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылады. Олар: Р.Мәрсеков атындағы, Тройницкое, А.С.Пушкин атындағы білім беру мекемелері. Ал Азовое мен Асубұлақ мектептеріне физика және STEM кабинеттерін сатып алуға 27 млн теңге бөлінді, – деді Рустам Садуақасов.

Сөзінше, өткен жылы 97 млн теңгеге Жанұзақ ауылында негізгі мектеп үшін спорт модулі, Бозанбай ауылында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 20 орындық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив