A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:00 0

Қазақстанда инвесторларды негізсіз тексеру азайды

Бүгін / Республика

Қазақстанда «прокурорлық сүзгі» тетігі мен инвестор-прокурорлардың жұмысының арқасында инвесторларға қатысты тексерулер және оларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жағдайлары азайды. Сонымен қатар бизнес пайдасына қабылданған шешімдер саны артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ  сайтына сілтеме жасап.

Биыл прокуратура органдарына инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 3 547 шешімі келіп түскен. Олардың қатарында тексерулер, әкімшілік өндірістер, шектеу және тыйым салу шаралары, сондай-ақ сот талап-арыздары бар.

Комитеттің Прокурорлық сүзгі басқармасының бастығы Мақсат Орақбаевтың айтуынша, материалдарды қарау нәтижесінде прокурорлар мемлекеттік органдардың 620 шешімін келісуден бас тартқан. Инвесторлардың құқықтарын қорғау тиімділігі биыл 18%-ды құрады. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы бұл көрсеткіш 9% болған.

Мәселен, бір жағдайда мемлекеттік орган формалды себептерге байланысты инвесторға 354 мың тонна дайын өнімді экспорттауға лицензия беруден бас тартпақ болған. Мұндай шешім келісімшарттың бұзылуына, сондай-ақ шетелдік серіктес пен тасымалдаушы тарапынан инвесторға айыппұл салынуына әкелуі мүмкін еді. Алайда прокуратура бұл шешімді келіспей, лицензия рәсімделді. Соның арқасында инвестор ірі шығыннан құтылды.

- Осылайша, инвесторлар пайдасына қабылданған шешімдердің үлесі екі есеге артты. Ең жоғары өсім әкімшілік материалдар бойынша байқалды – оларды келісуден бас тарту саны шамамен 50%-ға көбейді. Сонымен қатар инвесторларға қатысты шектеу және тыйым салу шараларының, тексерулер мен талап-арыздардың алдын алу жағдайлары да көбейді, – деді Мақсат Орақбаев.

Биыл инвесторларға жүргізілетін тексерулер саны 6%-ға, ал әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері 16%-ға қысқарған.

- Егер 2025 жылдың алғашқы 4 айында инвесторлардың 24%-ына тексеру жүргізілсе, 2026 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 18%-ға дейін төмендеді, – деп қосты басқарма бастығы.

Сонымен қатар әкімшілік жауаптылыққа тартылған инвесторлар саны да азайған. Бұған да мысал көп. Соның бірінде, мәселен Алматы қаласында мемлекеттік орган инвесторға айыппұл салмақ болған. Тексеру барысында жауапкершілікке тарту мерзімінің өтіп кеткені анықталған. Прокуратура инвесторға 2 миллион теңге көлемінде заңсыз айыппұл салу әрекетінің жолын кесті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив